Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

Мектеп психологы А.Тукешбаева "Мақсат.Қадам.Сенім" тақырыбында тренинг өткізді.

Отырар ауданы Абай атындағы жббм-ң 11-сынып оқушыларымен 2025жыл 17 ақпан күні мектеп бітірушілеріне табысты нәтижеге жету үшін психологиялық қолдау көрсету мақсатында мектеп психологы А.Тукешбаева "Мақсат.Қадам.Сенім" тақырыбында тренинг өткізді.

Оқушылардың өзіне деген сенімділігін арттыру, уақытты тиімді пайдалану, стресс пен күйзелісті болдырмау үшін жағдайлар жасау мақсатында "Менің есімім-үлгі тұтар тұлғам", "Сағат" жаттығулары, "ҰБТ-ға кірерде өзіңді ретте" кеңес беру жадынамасы, "Сен! Ұмтыл! Шабыттан" аффирмация, "Асықтар сүйемелдейді" ән терапиясы жүргізілді.

Тренинг соңында балалар "Тілектер жалаушаларына" бір-біріне деген жылы лебіздері мен тілектерін жазып, ой-әсерлерімен бөлісті.