Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

" Мектеп- бала- отбасы"

Құрметті ата- аналар!

Біздің ұжымның жыл бойы жеткен жетістіктеріне сіздердің қосқан үлестеріңіз көп. " Мектеп- бала- отбасы" бірлігі арқасында алда әлі де талай шыңдарды бағындырамыз.

2024-2025 оқу жылының қорытындысы да жақындап келеді.Іс бар жерде бірыңғай талаптың да болғаны дұрыс.Осы орайда, сіздерге төмендегі талаптарды қатаң сақтауға шақырамыз:

1. 4,9,11 сынып бітіруші оқушыларынан шараларға ақша жинамау;

2. аниматор, жеке студия өкілдерін жалдамау;

3. мектеп мұғалімдері мен әкімшілігіне сыйлық бермеу;

4. ағымдағы жөндеуге ақша жинамау;

5. мейрамханаларда кеш, автокөлік шеруін өткізбеу;

6. мектеп ішінде дастархан жаймау;

ЕСКЕРТУ!

1. "Соңғы қоңырау" шарасына оқушының тек 1 ғана өкілі қатыса алады.

2. Оқушыларға қауіпсіздік ережесі алдын ала таныстырылады.

3. Педагогикалық әдепті сақтау,әділдік пен адалдық принципін ұстану;

4. Барлық мәселені жария түрде ата- аналармен бірлесіп шешу.

Сіздерге құрметпен Абай жалпы білім беретін мектеп директоры Әбдрайым Ахмет.