Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

Мектебім - мейірім мекені

Отырар ауданы білім бөліміне қарасты “Абай атындағы жалпы білім беретін мектепте" 1 қыркүйек білім күніне орай 1-11 сынып оқушыларының қатысуымен “Мектебім - мейірім мекені" тақырыбында салтанатты жиын аталып өтті. Алғаш мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршіндерімізге арнап алғашқы қоңырау үні соғылды. Оқушыларымыз өз өнерін көрсетіп, мектебіміздің директоры Әбдірайым Ахмет білім алушылар мен ұстаздарды құттықтап өз тілегін білдірді. Сонымен қатар, жиынға арнайы қонақ болып келген зейнеткер апайымыз Әбир Саракүл қатысып оқушыларға жылы лебіздерін білдіріп, 1 сынып оқушыларына сыйлықтар табыс етті. Салтанатты іс-шара өз деңгейінде атлып өтілді.

Білім күні құтты болсын! Еліміз аман, еліміздің беделі асқақ болсын!