Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Мамандықтар әлемінде"

Отырар аудандық білім бөліміне қарасты Абай жббм-де 2024жылдың 3-желтоқсан күні 11ә сынып оқушыларының қатысуымен, педагог-психолог А. Тукешбаеваның ұйымдастыруымен, өзіне сенімсіз, мазасыз оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда қажетті дағдыларды дамыту, мамандық таңдаудың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру мақсатында "Мамандықтар әлемінде" тақырыбында тренинг өткізілді. Тренинг барысында "Қарлы кесек", "Мен де сен сияқты", "Ең-ең" жаттығулары жүргізілді. Кәсіби бағдар беру мақсатында заманауи жаңаша мамандық түрлерімен таныстырып, олардың атқаратын қызметтері туралы оқушыларды ақпараттандыру жұмыстары жүргізілді