Абай атындағы жалпы білім беретін мектепте Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты іс-шара жоспары аясында мектептің 11 ә сынып жетекшісі Жақсылық Қазыбек сынып оқушыларымен Ұлы Отан соғысының ардагері Олжатаев Бек атаның ұлы Олжатаев Қайырбек ағайдың үйіне барып, соғыс жылдарындағы естеліктерін тыңдап қайтты.