Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі»

Абай атындағы жалпы білім беретін мектепте Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұрпаққа үлгі» атты іс-шара жоспары аясында мектептің әлеуметтік педагогы Жүсіп Анар, мектептің өзін-өзі басқару ұйымы және еріктілер тобы бірігіп, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы тыл еңбеккерлерінің отбасыларына арналған «Ардағым, ардагерім» акциясын ұйымдастырды.

Аталған шара Шәмші Қалдаяқов ауылында өтті. Ауылдағы тыл ардагерлері:

1. Кенжеғұл Құлман ата

2. Исмагулова Орташ апа

3. Кенжеғұл Зейнеп апа

4. Уразбекова Ауелхан апа

5. Коканбаева Тажен апа

6. Ергобекова Жалгас апа

7. Ильясова Дәмет апа

8. Жапбарова Култай апа

9. Қудабаев Карысбай ата

10. Ахунжанова Шарапат апа

11. Жапбаров Кулмурат ата

12. Дәрибаев Керимбай ата

13. Омар Шабаз ата

14. Ибраимова Үрзия апа

Оқушылар Кенжеғұл Құлман ата мен Кенжеғұл Зейнеп апаның үйіне барып, соғыс жылдарындағы естеліктерін тыңдап қайтты. Құлман ата соғыс басталғанда небәрі жеті жаста болғанын, сол кезде қой баққанын айтты. Әкесі де қойшы болған екен, «қой бағатын адам керек» деп соғысқа алмапты. Ал Зейнеп апаның әкесі соғысқа кеткеннен қайтып оралмаған. Естігеніне қарағанда, әкесін Итжекен жаққа алып кеткен екен. Ата мен апа жастарға: «Біздің көргенімізді көрмеңдер, біздің жасымызға жетіңдер» деп ақ батасын берді.

Сонымен қатар, еріктілер тобы Исмагулова Орташ апаның үйіне барып, үйін жинап, көмектесті. Орташ апа оқушыларға жүрекжарды тілектерін айтып: «Жақсы оқыңдар, үлкен азамат болыңдар!» деп ақ батасын берді.

#біртұтас_тәрбие

#ҰлыЖеңіске80жыл

#ардағым_ардагерім_акциясы