Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Лудомания" қоғам дерті

Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінде 3 қазан күні, 7-11 сынып оқушылары арасында "Лудомания" қоғам дерті тақырыбында жиналыс өткізілді.

Лудомандар – құмар ойынның шырмауына түскен адамдар. Казино мен букмекерлік компаниялар жұмысы барынша қарқынды дамыған кезден бері «лудомания» деген термин кеңінен қолданыла бастады. Аурулардың халықаралық классификациясы бойынша лудомания аурулар тізіміне енгізілген. Құмар ойынның соңына түскендер дүние-мүлкінен айырылғаны өз алдына, ажырасып, дымсыз қалып жатады. Мұндай жағдай Қазақстан қоғамына да таңсық емес.