Бүгінгі үлкен үзілісте яғни 5 желтоқсан күні Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің 8ә сынып оқушылары асық ату ойынын ойнады. Асық ату – қазақ халқының ежелден келе жатқан ұлттық ойындарының бірі. Бұл ойын балалар мен жасөспірімдер арасында кең таралған, әсіресе ауылдық жерлерде аса танымал болған. Асық ойыны тек көңіл көтеру емес, сонымен бірге дене шынықтыру, көз мергендігін арттыру, шапшаңдық пен дәлдікті үйрететін тәрбиелік мәні зор ойын.
Асықтың маңызы мен тәрбиелік мәні:
Дене дамуы: Ойын барысында балалардың ептілігі, мергендігі, шапшаңдығы қалыптасады.
Ұлттық дәстүрді дәріптеу: Асық ойыны арқылы қазақ халқының салт-дәстүрлері мен мәдениеті жас буынға беріледі.
Топпен жұмыс: Балалар бір-бірімен қарым-қатынас орнатып, достықты нығайтады.