2025 жылдың 28 қаңтар күні Отырар ауданының білім бөлімі мен Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен, «Баршаға қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндамасы аясында, Абай атындағы жалпы білім беретін мектепте дәстүрлі «Ұлттық фильм» айлығы аясында іс-шара өткізілді. Бұл шара мектептің оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда педагогтердің құзіреттілігін арттыру мен мемлекеттік тілде білім беруді қамтамасыз ету мақсатында 11«а» сынып оқушыларымен Рахманова Дилбардың жетекшілігімен ұлт жанашыры, қоғам қайраткері Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ!» фильмін көрді. Фильмде Қазақ халқының бойындағы ұлттық рухты, сана-сезімді ояту мақсатында, халықтың көзін ашу жолында аянбай күрескенін сомдаған, қазақтың кең даласында алаңсыз өмір сүріп, малын бағып жүрген бейқам халқын оятып, оларды ілім-білімге шақырған ұлт жанашыры болғанын окушылар фильмді көре отырып санасына ұлттық құндылықтарды сіңірді.