2025 жылдың 23қаңтар күні «Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 13.01.2025 жылдың №41-10/21 хатына сәйкес "Білім беруді дамыту орталығы" "Баршаға қолжетімді сапалы білім" ұлттық баяндамасы аясында мектептің оқу тәрбие үдерісін ұйымдастыруда педагогтердің құзыреттілігін арттыру мен мемлекеттік тілде білім беруді қамтамасыз ету мақсатында 2025 жылдың қаңтар айы «Ұлттық фильм» айлығын білім беру ұйымдарында дәстүрлі түрде ұйымдастыру мақсатында 10«А» сынып оқушыларымен "Ұстаз" фильмі көрсетілді.
Фильмде интернетке тәуелділік, дұрыс мамандық таңдаудың маңыздылығы, ҰБТ-ның оқушылар психологиясына әсері, сондай-ақ ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі секілді мектеп оқушыларына қатысты маңызды мәселелер көтеріледі.
Оқушылар фильмді керемет көңіл күймен тамашалады, алған әсерлерін, өз ойларымен бөлісті.