2025 жылдың 17 қаңтар күні Отырар ауданының білім бөлімі мен Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен, «Баршаға қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндамасы аясында, Абай атындағы жалпы білім беретін мектепте дәстүрлі «Ұлттық фильм» айлығы аясында іс-шара өткізілді. Бұл шара мектептің оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда педагогтердің құзіреттілігін арттыру мен мемлекеттік тілде білім беруді қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды.
Шара барысында 7 «ә» сынып оқушылары жетекші апай Жүсіп Анардың жетекшілігімен қазақтың ұлттық эпосына негізделген, 1967 жылы түсірілген «Батыр Баян» фильмін көрді. Фильмде батыр Баянның ерлікке толы өмірі, қазақ халқының азаттығы үшін күресі және жаулармен шайқасы баяндалады. Баянның адалдығы, қайсарлығы және батырлығы көрініс табатын фильм ұлттық рухты, батырлықты дәріптеуге бағытталған.