2025 жыл 16 қаңтар күні «Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Отырар ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 13.01.2025 жылдың №41-10/21 хатына сәйкес, «Білім беруді дамыту орталығы» «Баршаға қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндамасы аясында мектептің оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда педагогтердің құзіреттілігін арттыру мен мемлекеттік тілде білім беруді қамтамассыз ету мақсатында 2025 жылдың қаңтар айы «Ұлттық фильм» айлығын барлық білім беру ұйымдарында дәстүрлі түрде ұйымдастыру мақсатында 9 «ә»сынып оқушыларымен «Біржан сал»фильмі көрсетілді.
«Біржан сал» фильмі аты аңызға айналған халық композиторы, әнші Біржан Қожағұлұлы өмірінің драмалық тартысқа толы кезеңдерін алға тартады. Фильмге қазақтың әйгілі әншісі, ақын һәм сазгер Біржан Қожағұлұлының өмірі мен шығармашылығы арқау болған. Даланың азат ұлдарының қылбұрау, темір шеңгелге бас бергісі келмей, іштей қарсыласуы, егесуі фильмде Біржан әндерінің тууының себепкері ретінде бейнеленеді.
Фильм адамның ішкі жан-дүниесін қозғайды, масаттандырады, Ұлы Біржанның бейнесімен қауышқандай біресе күліп, біресе күрсініп, өнер адамының тағдыры әркез ауыр екендігін көресің.
Оқушылар фильмді керемет көңіл күймен тамашалап, алған әсерлерін, өз ойларымен бөлісті. Алдағы уақытта бұл бастама жалғасын тапса деген ұсыныстары болды.