2025 жылы 10 ақпан күні Отырар ауданының білім бөлімі мен Білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен " Баршаға қолжетімді сапалы білім " ұлттық баяндамасы аясында. Абай атындағы жалпы білім беретін мектепте дәстүрлі "Ұлттық фильм" айлығы аясында іс-шара өткізілді. Бұл шара мектептің оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда педагогтердің құзіреттілігін арттыру мен мемлекеттік тілді білім беруді қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды. Шара барысында 7 "а" сынып оқушылары жетекшісі Шонтық Райханның жетекшілігімен Ілияс Есенберлиннің үш кітаптан тұратын тарихи эпопеясы "Көшпенділер"фильмі. Филь мде әрбір жауынгердің,әрбір халықтың өз Отаны болу керектігін. "Көшпенділер" фильмінде қазақ халқы туралы, қазақтардың XVIIІ ғасырдағы мемлекеттік санасының қалыптасуы туралы оқиға баяндалады."Көшпенділер" фильмінің негізіне 18 ғасырда қазақ жерінде болған нақтылы тарихи оқиғалар-жоңғар жаулаушыларына қарсы қазақтардың азаттық соғысы алынған. Фильмнің негізгі тұлғалары – бізге тарихтан белгілі тұлғалар Әбілқайыр хан, Абылай хан, данышпан Төле би, жоңғарлардың қолбасшысы Қалдан Церен.Фильмнің басты кейіпкері - Мансұр халықты артына ерткен сарбаз жолындағы бар қиыншылықтардан өтіп, кейін Абылай хан атанады. Сүйген қызы - Гауһар есімді батыр қыздың арқасында адами қасиеттерін де жоғалтпайды.
Фильмнің режиссерлері: Иван Пассер, Сергей Бодров, Талғат Теменов. 2006 жылы жарық көрген туынды тарихи драма жанрында түсірілген.
Оқушылар фильмді көре отырып,ерлік пен отансүйгіштік пен қайсар мінезімен жастарды шабыттандыру. Оқушылар керемет көңіл күймен тамашалады,алған әсерлерін,өз ойларымен бөлісті.