2025 жылғы 17 желтоқсан күні Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінде тәрбие жоспарына сәйкес 10ә сыныбы қазақтың көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, Алаш қозғалысының жетекшісі Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановтың туғанына 160 жыл толуына орай ашық тәрбие сағаты өткізілді.
Тәрбие сағатының мақсаты – оқушыларға Әлихан Бөкейхановтың өмірі мен қоғамдық-саяси қызметі туралы кеңінен мағлұмат беру, елжандылыққа, отансүйгіштікке, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу.
Іс-шара барысында оқушылар Әлихан Бөкейхановтың өмір жолы, Алаш қозғалысындағы рөлі, еңбектері мен ұлт тарихындағы орны туралы баяндамалар жасап, бейнероликтер көрсетілді. Сонымен қатар, өлеңдер оқылып, сұрақ-жауап арқылы оқушылардың танымдық белсенділігі арттырылды.
Ашық тәрбие сағаты жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың қызығушылығын тудырды. Қойылған мақсаттар толық орындалып, тәрбиелік мәні зор болды. Сондай ақ, дәстүр бойынша сынып жетекші Меруерт Қожабековадан кітапхана қоры жаңа кітаптармен толықты.





