10.02.2025 жылы Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінде "Зерде"математика, информатика және физика пәндер бірлестігінің "Әлемнің ғажайып үш тірегі" тақырыбындағы айлықтың жоспарына сәйкес "Компьютерлік бағдарламалау" үйірмесінің оқушыларымен "Үздік информатик - 2025" интеллектуалдық сайыс сабақ өткізілді. Үйірме мүшелері 4ә сынып оқушылары "Flippity" плотформасы арқылы "Компьютер" және "Интернет" болып 2 топқа бөлінді. Нәтижесінде "Компьютер" тобы "Үздік информатик 2025" грамотасымен марапатталды.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды тапқырлыққа, табандылыққа, іскерлікке дағдыландыру. Өз бетімен ізденуге, білімін шығармашылық тұрғыдан дамытуға, қорытынды жасауға үйрету. Оқушыларды мақсатқа жету барысында жауапкершіліктерін жетілдіру, күшіне деген сенімін арттырып үлкен жетістіктеріне жетуіне тәрбиелеу.
Сабақта оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру максатында цифрлық әдістерді, жасанды интеллекттіні кеңінен пайдаланылды. Үйірме жетекшісі: Арынова Салтанат.