Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Қызым үйде, қылығы түзде"

2025 жыл 21-қаңтар күні Отырар ауданы Абай жббм-де қыз бала тәрбиесіне тән қасиеттерді бойына сіңіру, жаман әдеттерден бойларын аулақ ұстау, ұлттық дәстүрге сай әдептілік, ізеттілік, кішіпейілділік, инабаттылық сияқты жақсы қасиеттерді дарыта білу. Санитарлық-гигиеналық ережелерді күнделікті өмірде ұстануға дағдыландыру мақсатында "Қызым үйде, қылығы түзде" тақырыбында 7 а сынып жетекшісі Шонтық Райханның ұйымдастыруымен, қыздар және аналардың қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шара барысында Райхан апай әр анаға жеке-жеке өз қызының оқу үдерісіндегі жетістіктері мен олқылықтары туралы және тәртібі жөнінде тоқталып өтті.

Мектеп психологы А.Тукешбаева қыздар арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу мақсатында аналарға "Еркіндік, Бостандық, Азаттық" атты бейнеролик көрсетіп, ой-пікірлерін тыңдады. Қыз тәрбиесінде ой салатын "Қызыңызбен сырласа, дос бола біліңіз" тақырыбында презентация ұсынды.

Кездесу соңында Райхан апай аналарға қыздарының өн бойына, сымбатына, тазалығына, киімінің ұқыптылығына көңіл бөлуін өтініп, санитарлық-гигиеналық ережелерін күнбелікті өмірде ұстануға дағдыландыру туралы кеңестер ұсынды.