2024 жыл 13 желтоқсан күні Абай атындағы жалпы білім беретін мектепте Отырар ауданының білім бөлімінің 22.11.2024 ж. 41-10/1188 хатына сәйкес, “Біртұтас тәрбие бағдарламасы” аясында, “Құмарлыққа бой алдыру — тәуелділік құрдымы” тақырыбында педагог-ұйымдастырушы Қожабекова Меруерттің ұйымдастыруымен жоғарғы сынып оқушыларының ата-аналарымен дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараның мақсаты — ата-аналарға тәуелділік мәселелері, оның ішінде құмар ойындарға қатысты ақпарат беру және олардың балаларымен қарым-қатынасы мен тәрбиесінде белсенді рөл атқару.
Күн тәртібіне сәйкес, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қ.Батырбек “Лудомания-ғасыр дерті” тақырыбында мазмұнды баяндама оқып, ата-аналарды құмарлықтың зиянды әсері мен оның салдарларына назар аударды.
Сонымен қатар, қатысушыларға жағдаяттық шығу тапсырмалары ұсынылды, онда ата-аналар өз пікірлерін бөлісіп, нақты жағдайларға жауап берді.
Іс-шара барысында әлеуметтік педагог А.Жүсіп “Құмарлыққа бой алдыру — тәуелділік құрдымы” тақырыбында сауалнама өткізді. Бұл сауалнама ата-аналарға осы мәселе туралы түсінік беріп, өздері мен балаларының тәуелділікке қарсы қалай әрекет ету керектігін талқылауға мүмкіндік туғызды.
Мектеп психологы Түкешбаева Әлия апай “Отбасылық қарым-қатынас” тақырыбында сергіту жаттығуын жүргізді. Бұл жаттығу ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға, психологиялық жай-күйді түзетуге көмектесіп, қатысушылардың көңіл-күйін көтерді.
Іс-шара барысында мағыналы мазмұнды бейнероликтер көрсетілді, олар ата-аналарға құмарлықтың, тәуелділіктің адам өміріне тигізетін теріс әсерлерін көрсетті. Дөңгелек үстелдің соңында ата-аналар караокемен “Анашым” әнін орындады. Бұл музыкалық сәт барлық қатысушыларды бір серпіліске келтіріп, іс-шараның қорытынды бөлімі өте әсерлі өтті.
Ата-аналар іс-шарадан кейін өздерінің жаңа пікірлерімен бөлісіп, балаларымен дұрыс қарым-қатынас орнатуға деген ниеттерін білдірді. Олар жақсы көңіл-күймен тарқасып, осындай іс-шаралардың үнемі өткізіліп тұруын сұрады.
“ Бала-жанұяның айнасы. Баланың бас ұстазы-ата-ана”.