Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

“Қазақстандықтар Ұлы Отан соғыс жылдарында”

Абай атындағы жалпы білім беретін мектепте Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай “Қазақстандықтар Ұлы Отан соғыс жылдарында” атты іс- шара жоспары аясында мектептің 8ә сынып жетекшісі Кобекова Жаксыгул оқушылармен 12.05.2025ж. күні ашық тәрбие сағатын өзкізді.

🇰🇿 Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында

Ұлы Отан соғысы 1941 жылы 22 маусымда басталды. Кеңес Одағының бір бөлігі болған Қазақстан бұл соғысқа алғашқылардың бірі болып атсалысты. Соғыс жылдары еліміздің әрбір отбасына ауыр тиді. Қазақстан халқы майданда да, тылда да жан аямай еңбек етті.

Мақсаты:

1. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақстандықтардың ерлігі мен тылдағы еңбегі туралы білім беру.

2. Оқушылардың тарихи оқиғаларға баға беріп, патриоттық сезімдерін қалыптастыру.

3. Тарихи деректер негізінде өз көзқарасын білдіруге және дәлелдеуге үйрету.

4. Батырлардың ерлігін үлгі ете отырып, оқушылардың адамгершілік қасиеттерін дамыту.

Майдандағы ерлік:

- Соғысқа *1,2 миллионнан астам қазақстандық* аттанды.

- 500-ге жуық қазақстандық Кеңес Одағының Батыры атанды.

- Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Талғат Бигелдинов – ел есінде қалған ержүрек батырлар.

- Панфиловшылар дивизиясы Мәскеуді қорғауда үлкен ерлік көрсетті.

Тылдағы еңбек:

- Қазақстан майданды азық-түлік, киім-кешек, қару-жарақпен қамтамасыз етті.

- Заводтар, шахталар, ұжымшарлар күні-түні жұмыс істеді.

- Әйелдер, балалар, қарттар ауыр жұмыс атқарып, Жеңіске үлес қосты.

Қорытынды:

- Соғыс жылдары “Қазақстаннан 600 мыңнан астам адам қайтыс болды”немесе хабарсыз кетті.

Ұлы Жеңісті жақындатқан батырларымыздың ерліктері елге мұра, ұрпаққа ұран болып мәңгілік жадымызда сақталады.

#Біртұтастәрбие

#Ұлыжеңіске80жыл