1 Қазан Халықаралық қарттар күні мерекесіне орай Абай атындағы жалпы білім беретін мектепте “Қарттарым, аман-сау жүрші” тақырыбында мерекелік іс-шара болып өтті.
Ескінің өзін, көненің көзін көрген асыл қарттарымыз қашанда қазақ үшін ортаймас қазына. “Қарты бар үй-қазыналы үй. Шын қазына-қарттардың асылдай сақтап келген әңгімелері мен олардың көрсеткен үлгі өнегелері. Әсем жүздеріндегі әр әжімі-тарихтан сыр шертетін шерлі шежіре, әңгімелері-көненің күмбезіндей жыр-дастан.
Қазыналы қарттарымыздың құрметіне орай ауылымыздың мәдениет үйінде қарттармен жүздесу болып өтті. Мерекелік іс-шарны бастамас бұрын сөз кезегін ауыл әкімшілігінің бас маманы Е.Қалымбетов, мектеп басшысы Қ.Батырбек және ауылымыздың ардагері Б.Әбдешбеков, ата-аналар кеңесінің төрайымы Момбек Айман апайлар сөз сөйлеп, іс-шараны ашып берді. Мектеп оқушылары өз өнерлерін көрсетті. Қарияларға ән, жыр арнап,көңілдерін бір серпілтіп тастады. Соңында ауыл қариялары, ардагер ұстаздар мерекелік іс-шараны ұйымдастырушыларға өз ризашылықтарын білдірді.