Абай атындағы жалпы білім беретін мектепте Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай “Қарақоңыр ауылынан шыққан соғыс ардагерлері және тыл еңбеккерлері” атты іс- шара жоспары аясында мектептің 6а сынып жетекшісі Арынова Салтанат оқушылармен 12.05.2025ж. күні ашық тәрбие сағатын өзкізді. Мақсаты: Оқушыларға 1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының мәнін түсіндіру. Жеңіске үлес қосқан батырларымыздың ерлігін насихаттау. Отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу. Оқушылар "Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген" әнін хормен орындады.
Ұлы Жеңісті жақындатқан батырларымыздың ерліктері елге мұра, ұрпаққа ұран болып мәңгілік жадымызда сақталады.