Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

Интернет алаяқтықтың алдын алу тақырыбында баяндама

«Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде мұғалімдер мен кіші қызметкерлері және 7-11 сынып оқушыларының қатысуымен құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған жиын өтті. Отырар АПБ ЖПҚб қызметкерлері маңызды тақырыптар бойынша баяндама жасап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді:

Полиция аға лейтенанты Жақсылық Ақнұр Амантайқызы – Отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тақырыбында баяндама жасады.

Полиция капитаны Ерденова Динара Жақсыбайқызы – Интернет алаяқтықтың алдын алу тақырыбында баяндама жасады.

Бұл шараның мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтық сауаттылықты арттыру.