Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Ілияс Жансүгіров – қазақ әдебиетінің Құлагері»

6 мамыр күні Абай атындағы жалпы білім беретін мектепте атаулы күнге орай 7 «Ә» сыныбында көрнекті ақын, қоғам қайраткері Ілияс Жансүгіровтің туғанына 130 жыл толуына байланысты «Ілияс Жансүгіров – қазақ әдебиетінің Құлагері» атты ашық тәрбие сағаты өтті. Іс-шараны сынып жетекшісі Жүсіп Анар ұйымдастырып, оқушыларға Ілияс Жансүгіровтің өмір жолы мен шығармашылық мұрасы жайлы тың ақпараттар ұсынылды.

Тәрбие сағаты барысында оқушылар ақынның өмірбаянымен танысып, оның шығармаларынан үзінділер оқыды. Сонымен қатар «Құлагер» поэмасының маңызы мен көркемдік ерекшеліктері кеңінен талқыланды. Оқушылар ақынның туған халқына деген сүйіспеншілігін, ел тағдырына алаңдаған азаматтық үні мен ұлттық рухты дәріптеген шығармаларын тебірене оқып, сахналық көріністер көрсетті.

Іс-шараның мақсаты – өскелең ұрпаққа Ілияс Жансүгіровтің шығармашылығын насихаттай отырып, оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру және ұлт руханиятына үлес қосқан тұлғаларды таныту болды.

#біртұтас_тәрбие

#Шарипа_Примбетова

#АнарТәңірбергенова

#Меруерт_Медетбекова