27.01.2025 жылы Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінде "Зерде"математика, информатика және физика пәндер бірлестігінің "Әлемнің ғажайып үш тірегі" тақырыбындағы айлықтың жоспарына сәйкес информатика пәнінің мұғалімі Рахманова Дилбар 10ә сыныбына "HTML-де қаріптің өлшемі, түсі мен түрін белгілеу" тақырыбында ашық сабақ өткізді.
Сабақтың мақсаты: web-парақшаларды әзірлеуде HTML тегтерін қолдану жолдарын үйрету.
Сабақта оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру максатында цифрлық әдістерді, жасанды интеллекттіні кеңінен пайдаланды.