Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Ерлікке тағзым» 3ә сынып

Бүгін Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің 3 «ә» сыныбында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ерлікке тағзым» атты тәрбие сағаты өтті.

Бұл тағылымды шарада оқушылар батыр ата-апаларымыздың ерліктеріне бас иіп, оларға деген алғыстарын жүректен шыққан жырларымен жеткізді.

Шара барысында:

– Жеңіс рухын арқау еткен өлеңдер оқылып,

– Әннен шашу шашылып,

– Патриоттық билер биленіп, сахна шынайы рух пен қуанышқа толды.

Бұл – тек мерекелік шара ғана емес, жас буынның жүрегіне Отанға деген сүйіспеншілікті ұялататын тәрбие мектебі.

Ерлік ұмытылмайды, ұрпақ жадында мәңгі сақталады!

#Біртұтас_тәрбие

#ЕрліккеТағзым

#Жеңістің80жылдығы

#ТәрбиеСағаты

#ҰлыЖеңіс