Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Ерлік-елге мұра, ұрпаққа ұран" атты іс-шара өтті

Абай атындағы жалпы беретін мектебінің 4"Ә"сынып оқушыларымен 8 мамыр күні сынып жетекшісі Қаныбекова Гүлзира Ералықызының ұйымдастыруымен Жеңістің 80 жылдық мерекесіне орай "Ерлік-елге мұра, ұрпаққа ұран" атты іс-шара өтті. Мақсаты: Оқушыларды өз Отанын сүюге, қаһарлы күндердегі халқымыздың үлгі тұтарлық қасиетін мақтана ете отырып, Қазақ елінің майданда және тылда көрсеткен ерен ерлігін құрметтеуге тәрбиелеу. Іс-шарада оқушылар батырларымыздың өмірі, ерлік істері жайлы айтып, патриоттық әндер шырқады. Сынып оркестрі күйден шашу шашып, "Бейбіт күн тілегі"," Ақ кептерлер", "Бейбітшілік сақталады" әндерін орындады. Ұлы Жеңісті жақындатқан батырларымыздың ерліктері елге мұра, ұрпаққа ұран болып мәңгілік жадымызда сақталады.

#Ұлыжеңіске80жыл