Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Досбол LIKE"

Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің әлеуметтік педагогі Жүсіп Анардың ұйымдастыруымен мектеп оқушылары арасында "Досбол LIKE" атты акция өтті. Бұл акция буллингтің (әлімжеттік) алдын алу және оған тиімді әрекет ету үшін жағдай жасауға бағытталған.

Акцияның мақсаты – мектеп ортасында зорлық-зомбылық пен әлімжеттікке жол бермеу, оқушылардың бір-біріне деген сыйластық қарым-қатынасын қалыптастыру, достық пен өзара көмек көрсету құндылықтарын насихаттау. Сонымен қатар, балалардың эмоционалды қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтары мен ар-намысының сақталуын қамтамасыз ету, сондай-ақ оқушыларды қиын жағдайларда дұрыс әрекет етуге, көмек сұрай білуге үйрету де басты мақсаттардың бірі болып табылады.

#біртұтас_тәрбие

#АнарТәңірбергенова

#Меруерт_Медетбекова

#Шарипа_Примбетова