2024жыл 11-қараша күні Отырар ауданының білім бөліміне қарасты Абай жббм-ң педагог-психологы А.Тукешбаева сынып жетекшілер, пән мұғалімдерімен "Девиантты мінез-құлықтың ерекшеліктері" тақырыбында тренинг өтті. Осы тақырыпта презентация ұсынылып, оқушылардың өтпелі кезеңдегі мінез-құлқындағы өзгерістері жайында түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Тренингте "Менің есімім және хоббиім" жаттығуы жүргізіліп, жас педагогтарға сабақ барысында оқушы білімін бағалау және мадақтауда мотивациялық формалар таныстырылып, кеңес беру жадынамалары үлестірілді. "Достық" балалар мультфильмы көрсетіліп, сыныпта шеттетілген баланы ортаға бейімдеу мақсатында ой толғау, пікірлесу жұмыстары жүргізілді. Қорытындысында қатысушылар тренингтен алған әсерлерін стикерлерге жазып, өз ойларын білдіріп, ән-терапиясымен аяқтады