Қазақ қызының бойындағы қасиеттері - ұлттық тәрбиенің, салт-дәстүрдің, мәдениеттің, отбасы тәрбиесінің және табиғи мінез-құлықтың үйлесімі.
Қазақ халқы қыз баланы ерекше құрметтеп, оны әдептілік пен инабаттылықтың символы ретінде тәрбиелеген.
Абай жббм-ің психологы А.Тукешбаеваның жылдық жұмыс жоспарына сәйкес, қыз баланың бейнесіне тән мінез-құлық сипатын қалыптастыру, мәлени сөйлеу біліктілігін дамыту мақсатында 4-сынып оқушы қыздарымен "Әдемі күл, сыпайы жүр, сұлу ойлан" тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.
Тренинг барысында "Білесіңдер-білмейсіңдер", "Жалғасын тап" жаттығулары, "Мен қазақ қызымын" постерін құру және оны қорғап шығу ұсынылды. Қазақ қыздарының бойында болуы тиіс қазақи болмысындағы қасиеттерге байланысты және қыздардың санитарлық-гигиеналық ережелерін ұстану үшін кеңес беру жұмыстары жүргізілді.
Жаттығуларды орындауда қыздар белсене қатысып, өздеріне қажетті қосымша ақпараттар алды. Тренинг соңында алған әсерлерімен бөлісіп, кері байланыс жүргізді.