Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Буллинг, Кибербуллинг, Әлімжеттік», «Өз өзіне қол жұмсау», «Құмар ойын», «Нашақорлық», «Алаяқтық» қылмысының алдын алудағы тақырыбындағы кездесу өтті.

ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП

Түркістан облысы,

Отырар ауданы Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінде 17.02.2026ж күні “Тұрмыс” жедел профилактикалық іс-шарасы аясында және «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ақпан айы «Заң және тәртіп» айы бойынша оқушылар арасында «Буллинг, Кибербуллинг, Әлімжеттік», «Өз өзіне қол жұмсау», «Құмар ойын», «Нашақорлық», «Алаяқтық» қылмысының алдын алудағы тақырыбындағы кездесу өтті.

Күн тәртібіндегі қаралатын мәселелер:

1. «Жасөспірімдер арасындағы қауіпсіздік, құқықбұзушылық пен олардың арасындағы зорлық-зомбылық және нашақорлық, әлімжеттік іс-әрекетінің профилактикасы лудомания мен буллинг зорлық зомбылықтың алдын алу шаралары туралы»

Отырар АПБ ҚҚБ ЮПТ-нің инспекторы полиция лейтенанты: Н.Төлеген, ҚҚБ УПИ инспекторы, полиция капитаны Р.Ниязбекұлы, мектеп директоры А. Әбдрайым мен сынып жетекшілердің қатысуымен 8-11 сынып оқушыларымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық пен олардың арасындағы зорлық-зомбылық, нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы, әлімжеттік іс-әрекетінің профилактикасы, құмар ойындарының алдын алу аясында, отбасылық зорлық-зомбылықтың түрлері, отбасылық зорлық-зомбылықтың, отбасылық кикілжіңдер мен ұрыс керістердің алдын-алу және шешу жолдары, отбасылық зорлық-зомбылық әрекеттері орын алған немесе куә болған жағдайда жасалатын іс-әрекеттер, қайда және қандай байланыс номерлері арқылы хабарлау қажеттігі жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізе келе, оқушылардан алынған өздерін толғандыратын сұрақтарды жинақтап

талдау жұмыстарын жүргізді. Жиналысты мектеп директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Қ. Батырбек ашып, күн тәртібіндегі мәселені мектеп оқушыларына таныстырып өтті.

Елімізде болып жатқан жастар арасында «Буллинг, Кибербуллинг, Әлімжеттік», «Өз өзіне қол жұмсау», «Құмар ойын», «Нашақорлық», «Алаяқтық» қылмысының алдын алудағы тақырыбындағы қысқаша түсіндірме жұмыстары жүргізіліп бейне ролик көрсетіліп баяндама оқылды.

«Буллинг, Кибербуллинг, Әлімжеттік», тақырыбына келетін болсақ буллингтің басты ерекшелігі ол кездейсоқ бір реніш емес, қайталанатын, әдейі жасалатын қысым. Оның мақсаты жәбірленушіні қорқытып, өзіне бағындыру немесе төмендету. Қысқаша айтқанда, буллинг бұл қорқыту арқылы үстемдік жүргізу. Қазіргі уақытта бұл жаман індет жастардың ортасында әсіресе, мектеп оқушыларында белең алған.

Кибербуллинг адамды интернетте, әлеуметтік желі мен түрлі мессенджерлерде қорқытып, зорлық көрсету. Кибербуллингке кез-келген адам тап болуы мүмкін. Бірақ бұл тәсілмен шабуыл жасайтындар негізінен кәмелет жасына толмаған мектеп оқушыларын нысанаға алады. Өйткені, қорғансыз балалар қорыққанынан өзіне қысым жасалып жатқаны туралы ешкімге айтпайды. Тіпті ата-анасы мен жақындарына тіс жармай, шабуылшының айтқанынан шықпай қалатындығы жөнінде айта өтті.

«Құмар ойын» жасөспірімдер арасындағы лудомания мәселесі қазіргі қазақстандық қоғамның өзекті қауіптерінің бірі ретінде қарастырылады. АІІБ мамандары құмар ойындарға тәуелділіктің ерте алдын алу негіздеген, жасөспірімдер арасында тәуелділіктің пайда болуы, сондай-ақ психологиялық бағдарламаның лудоманияның алдын алуда маңыздылығын атап өтті.«Өз өзіне қол жұмсау» суицид оқиғасының жиілеуіне әртүрлі себеп алға тартады. Соның ішінде әлеуметтік жағдай, тиісті отбасылық және қоғамдық тарбиенін жоктығы моральлык жане физикалык зорлык-зомбылык есірткіден аулақ болуға шақырды.

Сондай-ақ, Рамазан айында оқушылардың ауыз бекітуі ұсынылмайды, себебі өсіп келе жатқан ағзаға тұрақты әрі теңгерімді тамақтану өте маңызды. Ұзақ уақыт бойы аш жүру кейбір балаларда әлсіздік, бас айналу, зейіннің төмендеуі сияқты жағдайларға әкелуі мүмкін. Бұл өз кезегінде сабақтағы белсенділігіне, ақпаратты қабылдауына және есте сақтау қабілетіне кері әсер етуі ықтимал.

#ЗАҢменТӘРТІП