2025 жыл 30 сәуір күні Абай жббм-ң 4"ә" сынып оқушыларының қатысуымен, педагог-психолог А.Тукешбаеваның ұйымдастыруымен "Біз бейбіт өмірді таңдаймыз" тақырыбында тренинг өткізілді.
Туған жер, ана тілі, отбасы, мектеп, ұстаздарға деген сүйіспеншілігін арттыру мақсатында жүргізілген тренинг барысында "Білесіздер-білмейсіздер", "Су құбыры", "Білгенге маржан", "Өрмекшінің өрнегі" жаттығуларына оқушылар белсенді қатысып, әр жаттығу соңында талдаулар жүргізілді. Сабақ соңында балалар ән терапиясы арқылы караокемен "Бақыт деген" әнін орындап, би терапиясын да қолданды. Балалар тренингтен алған әсерлерімен өзара бөлісіп, бір-біріне және психологқа тілектерін білдірді.