Ағымдағы жылдың 29 сәуір күні Отырар ауданы Абай жббм-ң 3"ә" сынып оқушыларымен оқушы бойындағы адами қасиеттерді дамыта отырып, үлкендерді сыйлауға, талмай білім алуға, әдептілікке, адамгершілікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында педагог-психолог А.Тукешбаева "Біз бақытты баламыз" тақырыбында тренинг өткізді. Оқушылардың эмоциялық көңіл-күйі көтеріліп, сабақ барысындағы ойын-жаттығуларға белсене қатысты. Оқушыларға "Білгенге маржан" жаттығуында
1-мамыр мерекесінің тарихы жайлы жаңа ақпараттар берілсе, "Алтын тәж" жаттығуында әр оқушы өздерінің арман тілектерін жазып, аффирмация жүргізілді. Тренинг соңында балалар сабақтан алған әсерлерімен бөлісті