Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Білім сапасын арттыру мақсатында жасанды интеллектіні күнделікті сабақтарда тиімді пайдалану" тақырыбында ұстаздармен шебер сынып

Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің "Зерде" физика, информатика, математика пәндер бірлестігінің "Әлемнің ғажайып үш тірегі" тақырыбындағы айлық барысында 13.02.2025 күні информатика пәнінің мұғалімі Рахманова Дилбар "Білім сапасын арттыру мақсатында жасанды интеллектіні күнделікті сабақтарда тиімді пайдалану" тақырыбында ұстаздармен шебер сынып өткізді.

Мақсаты: ЖИ технологияларын білім беру үдерісінде тиімді қолдану, білім сапасын арттыруға ықпал ететін әдіс-тәсілдермен таныстыру, ЖИ мүмкіндіктерін пайдалану жолдарымен бөлісу.