Отырар ауданы Абай жббм-де 2025 жылдың 19-ақпан күні "ББЖМ-ға дайындығың қалай?" тақырыбында мектеп психологы А.Тукешбаева 4"а" сынып оқушыларымен психологиялық қолдау көрсету тренингін жүргізді.
Тренинг барысында балалар логикалық ойлауын дамытушы "Анаграмма", "Сөз ойла, тез ойла", "Сиқырлы пішіндер" сияқты ойын-жаттығуларға белсене қатысып, берілген тапсырмаларды орындауда бірігіп, ытымақтаса жұмыс жасай білді. Сабақ соңында балалар "Көңілді смайликтер арқылы" кері байланыс жүргізіп, өз ой-пікірлерімен бөлісті