22 қараша күні Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің әлеуметтік педагогы және "Әлеуметтік—тұрмыстық бағдарлау" пәні мұғалімі Жүсіп Анардың ұйымдастыруымен мектептің мәжіліс залында жеңіл зерде бұзылыстары бар және үйден оқытылатын оқушыларды мектеп өміріне бейімдеу, қолдау көрсету мақсатында " Бар мейірім— балаларға" тақырыбында іс— шарасы өтті.Шара барысында Нұрасыл өзі оқитын сыныбымен жақын танысып, сахнада өз өнерін көрсетіп, ән айтса, Тоғжан би билеп көпшіліктің ықыласына бөленді. Мектеп директоры А.Әбдрайым сөз сөйлеп, үйден оқытылатын оқушы Камалдин Нұрасылға " Асығың алшысынан түссін" деп алтын асық макетін, демеуші болған мектеп түлегі Байырбекова Баянның әкелген дамытушы ойындар жиынтығын аталған оқушыларға табыстап, ата- аналарына шараға ат салысқаны үшін мектеп әкімшілігі атынан алғыс хат табысталды. "Алдағы уақытта да осындай іс— шаралар жалғасын табады" — деп Жүсіп Анар болашақ жоспарларымен де бөлісті.