3 наурыз 2025жыл Отырар ауданы Абай жббм-ң "Балдәурен" бастауыш сыныптар бірлестігінде "Жасанды интеллект: Білімнің жаңа дәуірі" тақырыбындағы айлық іс-шарасының ашылу салтанаты өтті. Мектептің мәжіліс залында өткізілген іс-шараға МАД тобы бүлдіршіндерінен бастап 1-4 сынып аралығындағы оқушыларымыз әуелетіп ән шырқап, мың бұрала би билеп, күмбірлете күй тартып, Абай атамыздың өлең шумақтарын мәнерлеп оқып, өз өнерлерімен көрермендерді тәнті етті.