Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінде 26.09.2024ж “Балалықтан даналыққа” тақырыбында, ұстаз, тарихшы, автор, лектор Сейілбек Мырзабай мырзамен кездесу өтті.
Кездесуге мектеп басшылығы, мұғалімдер және ата-аналар қатысты.
Жиында сөз сөйлеген автор қазақтың ертегі, қиссаларын, классикалық құндылықтарын бойына сіңіріп өскен бала өмірге, білімге, қай бағытқа, қай салаға, қай ғылымға салсаңызда түбі бір жерді тесіп шығатынына көзі жетіп, тәжірибесінде пайдалана бастағанын, аталған тәжірибе оң нәтиже бере бастаған соң, кітаптың жазылуына себеп болды деп басылымның мазмұнына тоқталды.