Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

“Балаларды бірге қорғайық”.

Отырар ауданының білім бөліміне қарасты Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінде “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы аясында ДТІЖО Қ.Батырбектің ұйымдастыруымен 18.09.2024ж күні “Балаларды бірге қорғайық” тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы болып өтті.

Күн тәртібінде:

▪️Ата-аналарды мектептің ішкі тәртіп ережелерімен таныстыру.

▪️Оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу (көлік айдамау, мопед, түнде жүрмеу, ұялы телефон, сағат, алқа, бояну)

▪️”Буллинг”, “Кибербуллинг” туралы ата-аналарды түсіндіру жұмыстары.

▪️Ата-аналар комитетінің жаңа құрамын сайлау.

▪️Әкелер, әжелер, аналар, жеңгелер кеңесінің мүшелерін сайлау.