Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ»

Түркістан облысы білім басқармасы 2025 жылдың 19 қыркүйек 21-3-21-4/6435-И хатына сәйкес, 23 қырқүйек күні "Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп"коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ» тақырыбында ата-аналарымен, ұжыммен жиналыс өтті. Жиналыста мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Қ.Батырбек сөз алды.

Жиналыс барысы:

"Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету" шараларын өзектендіру мәселесі қаралды.

Күн тәртібінде: ▪️интернеттегі қауіптер; · ▪️шынайы өмірдегі буллинг және кибербуллинг;

▪️балалар арасында өсіп келе жатқан тренд болған онлайн ойындар; ▪️баланы қайғылы жағдайларға итермелеуі мүмкін кітаптар мен сайттар;

▪️әлеуметтік желілердегі алаяқтықтар туралы кең көлемде мағұлматтар беріліп, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты ынтымақтастық пен мейірімділікке бағыттауды ұсынды. "БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ" екенін ұмытпайық!