Отырар ауданының білім бөлімінің жоспарына сай 12.11.2024 жылы Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Баян Әбдіқадыр 9 а сыныбына «Second conditional», бейінді істер жөніндегі орынбасары Мейрамкүл Тұрсынбек 9 а сыныбына «А.Байтурсынов — великий сын казахского народа», оқу — тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алтынай Байысбай 3ә сыныбына «Маме надо помогать!» тақырыбында ашық сабақтар өткізді.Сабақ барысында мектеп директорының орынбасарлары заманауи технологиялар мен цифрлық педагогика мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оқушылардың жан- жақты мағлұмат алуына жағдай жасап, озық сабақтар үлгісін көрсете білді.