Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

"Армандар картасы" психологиялық сергіту-тренингі

Отырар ауданы Абай жббм-ң педагог-психологы А.Тукешбаева 11А-сынып бітірушілерімен ҰБТ-да табысты нәтижеге жетуге психологиялық дайындықтарын арттыруда сергіту-тренингін жүргізді.

Тренинг барысында оқушы бойындағы ерекше қасиеттерін анықтауға бағытталған ойын-жаттығулар мен мотивациялық жадынамалар арқылы олардың өздеріне деген сенімділігі артып, қорқыныштарын жеңіп, болашаққа деген жоспар құрды.

Нәтижесінде, әр баланың бойындағы достары білмейтін қасиеттерімен танысты, емтихан алдындағы үрей мен қобалжуларын реттей білуді үйренді. Ал "Армандар картасы" арқылы болашағын жоспарлауда тәжірибе жинақтады.