Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Арайлы Алтын Күз» байқауы– өнер мен шабыт мерекесі

Күз – табиғаттың ең көркем мезгілі, молшылық пен берекенің бастамасы. Осындай тамаша кезеңде Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінде ұйымдастырушы педагог М.Қожабекова мен аға тәлімгер М.Аңдамасовтардың жетекшілігімен 8–10 сынып оқушылары арасында «Аяулы күз, Алтын күз» атты байқау өтті. Мақсат – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өнерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, ұжымшылдық пен эстетикалық талғамдарын қалыптастыру.

Байқау 6 кезеңнен тұрды.

Байқау барысында оқушылар ерекше белсенділік танытып, әр кезеңге тың дайындықпен келді. Әділқазылар алқасы өнер мен тапқырлықты, үйлесімді безендіру мен сахналық мәдениетті бағалады. Нәтижесінде 10 ә сынып “Қарбыз” тобы Мұхитдин Бекзат пен Абшайықова Жұлдыз байқаудың “Күз ханзадасы” және “Күз ханшайымы” атанып, бас жүлдені иеленді. Сонымен қатар, белсенді қатысқан бірнеше сынып арнайы марапаттармен және алғыс хаттармен марапатталды.