Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Арайлы алтын күз»

Абай атындағы жалпы білім беретін мектепте 9 қараша күні «Шежіре» тарих және география пәні бірлестігінің ұйымдастыруымен ауылдық мәдениет үйінде 8-10 сынып оқушылары арасында «Арайлы алтын күз» байқауы өтті.Байқаудың мақсаты оқушылардың әртістік қабілетін дамыту, еңбексүйгіштікке баулу, табиғатты сүюге тәрбиелеу, ауызбіршілікке бейімдеу,ұлттық құндылықтарымызды бойларына дарыту.

Байқау алты бөлім бойынша өтті.Оқушылар өздерін таныстырып,үйден түрлі макет,панно жасап өздерінің шеберліктерін көрсетті.Сонымен қатар «Шебер қолдар» бөлімінде мың бұралған қыздарымыз түрлі ою ойып,ер балдар қамшы өріп көрермендер ықыласына бөленді.Күзгі балдың соңғы бөлімі сән үлгісінде қатысушы жұптарымыз қалдық заттардан түрлі сәндік киімдер киіп шықты.Алтын күз байқауының нәтижесінде Бас жүлде 10 ә сынып оқушылары Бауыржанұлы Заңғар мен Әбдіқұлова Әмина иеленді. 1–орын 9 а сынып оқушылары Қонысбай Мардан мен Марат Айзада. 2-орын Оразбай Нұрлыбек пен Әбшайықова Ұлдана иеленсе,3-орын 8 ә сынып Шопанбай Мақсат пен Аңдамасова Аружан иеленді.Ал «күз ханзадасы» мен «күз ханшайымы» атағын Қонысбай Мардан мен Әбшайықова Ұлдана қызымызға бұйырды.