Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

“Алғысым шексіз баршаға”

27.02.2026ж күні Абай атындағы жалпы білім беретін мектепте 10 сыныптардың ұйымдастыруымен “Алғысым шексіз баршаға” мерекелік іс-шара өтілді.

Құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар!

Сіздерді Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Алғыс айту күні – елдегі бірлік пен татулықты, өзара құрмет пен сенімді нығайтатын ерекше мереке. Бұл күн – адамгершілік құндылықтарды дәріптеп, айналамыздағы жандарға ризашылық білдіретін маңызды сәт.

Аталған шараның мақсаты – ұстаздарға, ата-аналарға және мектеп қауымдастығына шынайы алғысымызды білдіру, сондай-ақ жас ұрпақ бойында құрмет, сыйластық және жауапкершілік сезімдерін қалыптастыру.

Құрметті ұстаздар! Сіздердің кәсіби біліктіліктеріңіз бен табанды еңбектеріңіздің арқасында біз сапалы білім алып, болашаққа нық қадам басудамыз. Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық табыс және толағай жетістіктер тілейміз.

Ардақты ата-аналар! Балаларыңыздың тәрбиесі мен дамуына қосып отырған үлестеріңіз үшін алғыс білдіреміз. Сіздердің қолдауларыңыз – біздің жетістіктеріміздің негізі.

Алғыс айту күні баршамызға бейбітшілік, келісім және тұрақтылық әкелсін. Әр отбасына амандық, әр ұжымға бірлік тілейміз.