Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Ахмет Жұбанов – музыка әлемінің шамшырағы» тақырыбында сайыс-сабақ

Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің «Балдаурен» бірлестігінде 4 «Ә» сыныбында қазақ музыка өнерінің көрнекті өкілі, композитор, дирижер, академик Ахмет Қуанұлы Жұбановтың туғанына 120 жыл толуына орай «Ахмет Жұбанов – музыка әлемінің шамшырағы» тақырыбында сайыс-сабақ өткізілді.

Сайыс-сабақ барысында оқушыларға Ахмет Жұбановтың өмірі мен шығармашылығына арналған бейнебаян көрсетіліп, ұлы тұлғаның өнер жолы кеңінен таныстырылды.

«Әуен» және «Күй» топтарының топбасшылары өз топтарын таныстырып, жігерлі ұрандарын айтты. Сайыс 6 кезеңнен тұрды:

🔹 І кезең – «Тарихтан сыр»

🔹 ІІ кезең – «Артығын тап» ойыны

🔹 ІІІ кезең – «Суреттер сөйлейді»

🔹 IV кезең – «Шығармашылық шеберханасы»

🔹 V кезең – «Өнерлі өрендер»

🔹 VI кезең – «Музыкалық атмосфера»

Сайыс барысында оқушылар Ахмет Жұбанов туралы өлеңдер оқып, мақал-мәтелдер айтып, жұмбақтар шешті. Әсем ән шырқалып, күмбірлеген күй орындалып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.Сайыс нәтижесінде "Күй" тобы 1 - орын, "Әуен" тобы 2- орын иеленіп марапатталады.

Іс-шараның мақсаты – оқушылардың ұлттық өнерге деген сүйіспеншілігін арттыру, күй өнерінің құдіретін сезіндіру және ұлы тұлғаның мұрасын насихаттау болды.

Ұлттық музыка — ұлттың жаны. Осындай мазмұнды шаралар арқылы оқушыларымыздың өнерге деген сүйіспеншілігі арта берсін!