Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Ресми интернет-ресурс

«Адалдық дүкені»

Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің Өзін-өзі басқару ұйымының мүшелері ұйымдастырған «Адалдық дүкені» өз жұмысын бастады. Бұл дүкеннің ашылуы – мектеп ұжымы үшін ерекше оқиға әрі тәрбие беру ісіндегі маңызды қадам.

«Адалдық дүкенінің» мақсаты – оқушыларға адалдық пен әділдік құндылықтарын насихаттау, өзара сенім мен жауапкершілік сезімін арттыру. Мұнда оқушылар өздерінің жақсы мінез-құлқын, адал әрекеттерін дәлелдеу арқылы түрлі сыйлықтар мен артықшылықтар алуға мүмкіндік алады. Дүкенде тек қана адал және дұрыс әрекет жасаған оқушыларға берілетін өнімдер мен қызметтер ұсынылады.

Бұл бастама мектептің рухани дамуына үлкен үлес қосып, жастарды ізгілікке, адалдыққа тәрбиелеуде маңызды рөл атқарады. «Адалдық дүкені» оқушылардың қоғамдағы орнын түсініп, өздеріне деген сенімділікті арттырады, сондай-ақ жақсы мінез-құлық пен өзара сыйластықты қолдайды.