Туркістан облысы,Отырар ауданы
Абай атындагы жалпы білім беретін мектебінде "Қыста
оқы,ойлан,арманда" қысқы
демалыста кітап оқимыз
Туркістан облысы,Отырар ауданы
Абай атындагы жалпы білім беретін мектебінде "Қыста
оқы,ойлан,арманда" қысқы
демалыста кітап оқимыз
22 желтоқсан күні 7а сынып оқушыларымен Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы «Ұлттық рәміздер – ел мақтанышы» атты сынып сағатты өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларға Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу тарихы туралы түсінік беру, мемлекеттік ұлттық рәміздердің маңызы мен мәнін ұғындыру, елге, жерге деген сүйіспеншілік пен отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, ұлттық құндылықтарды қастерлеуге және азаматтық жауапкершілікке тәрбиелеу.
Ұлттық рәміздер – халқымыздың өткені мен бүгіні, болашағын жалғайтын қасиетті құндылықтар. Оларды қастерлеу – әрбір Қазақстан азаматының азаматтық борышы.
Сынып жетекшісі: Арынова С
Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің жылдағы дәстүр бойынша 3 қараша күні қазақ,орыс, ағылшын тілдерінің айлық іс- шарасының ашылу салтанаты өтті. Мектептің кіре берісінен бастау алған мазмұнды іс- шара түрлі ойындар мен тапсырмалар, әуезді ән мен жырға ұласып, әуе қызметкерлері бейнесіндегі ұстаздардың әр сыныптың үздік ойыншыларына сыйлық тапсыруымен аяқталды. Өз білімін көрсетіп, үш тілде өлең оқып, сұрақтарға жауап беру оқушылардың да қызығушылығын оятты.
Күз – табиғаттың ең көркем мезгілі, молшылық пен берекенің бастамасы. Осындай тамаша кезеңде Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінде ұйымдастырушы педагог М.Қожабекова мен аға тәлімгер М.Аңдамасовтардың жетекшілігімен 8–10 сынып оқушылары арасында «Аяулы күз, Алтын күз» атты байқау өтті. Мақсат – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өнерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, ұжымшылдық пен эстетикалық талғамдарын қалыптастыру.
Байқау 6 кезеңнен тұрды.
Байқау барысында оқушылар ерекше белсенділік танытып, әр кезеңге тың дайындықпен келді. Әділқазылар алқасы өнер мен тапқырлықты, үйлесімді безендіру мен сахналық мәдениетті бағалады. Нәтижесінде 10 ә сынып “Қарбыз” тобы Мұхитдин Бекзат пен Абшайықова Жұлдыз байқаудың “Күз ханзадасы” және “Күз ханшайымы” атанып, бас жүлдені иеленді. Сонымен қатар, белсенді қатысқан бірнеше сынып арнайы марапаттармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Мектеп парламенті президентінің сайлауы!
Бүгін, Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінде мектеп парламентінің президентін сайлау өтті.
Бұл сайлау – оқушылардың өз пікірін ашық білдіруіне, көшбасшылық қабілеттерін дамытуға бағытталған маңызды шара болды.
Сайлауға үш үміткер қатысып, өздерінің бағдарламаларын ұсынды.
Сайлауға 149 оқушы қатысып, дауыс берді.
Дауыс беру нәтижесінде 10 сынып оқушысы Дәулетбек Шұғыла басымдықпен жеңіске жетіп, мектеп парламентінің жаңа президенті болып сайланды! ![]()
Шұғыла Нұрболатқызын шын жүректен құттықтаймыз!
Оған алдағы қызметінде жауапкершілік, әділдік пен белсенділік тілейміз.
Жаңа президент бастаған мектеп парламенті – оқушылардың бастамалары мен идеяларын жүзеге асыратын белсенді ұйым боларына сенеміз! ![]()
26.09.2025ж
Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп КММ аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің тапсырмасына сәйкес сейсмикалық қауіпке дайындық бойынша сейсмо оқу жаттығу өткізілді. Бұл жаттығу – жер сілкінісі кезінде қауіпсіз әрекет етуді үйрену, алдын ала дайын болу мақсатында ұйымдастырылды.
1. Хабарландыру (жер сілкінісінің басталуы)
Жаттығу басталған кезде мынадай хабарлама беріледі:
![]()
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! СЕЙСМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ!
“ЖЕР СІЛКІНІСІ! ЖЕР СІЛКІНІСІ!”
Барлығы қауіпсіздік ережелеріне сәйкес әрекет етсін!
2. Әрекет ету тәртібі:
3. Жер сілкінісі тоқтағаннан кейін:
Түркістан облысы білім басқармасы 2025 жылдың 19 қыркүйек 21-3-21-4/6435-И хатына сәйкес, 23 қырқүйек күні "Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп"коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ» тақырыбында ата-аналарымен, ұжыммен жиналыс өтті. Жиналыста мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Қ.Батырбек сөз алды.
Жиналыс барысы:
"Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету" шараларын өзектендіру мәселесі қаралды.
Күн тәртібінде:
интернеттегі қауіптер; ·
шынайы өмірдегі буллинг және кибербуллинг;
балалар арасында өсіп келе жатқан тренд болған онлайн ойындар;
баланы қайғылы жағдайларға итермелеуі мүмкін кітаптар мен сайттар;
әлеуметтік желілердегі алаяқтықтар туралы кең көлемде мағұлматтар беріліп, ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты ынтымақтастық пен мейірімділікке бағыттауды ұсынды. "БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ" екенін ұмытпайық!
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҰЖЫММЕН ЖИНАЛЫС ӨТТІ
23.09.2025ж
Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп КММ «Ақпараттық ортадағы қауіпсіздік» тақырыбында педагогикалық ұжымның қатысуымен жиналыс өтті.
Жиын барысында интернет кеңістігіндегі қауіп-қатерлер, балалардың әлеуметтік желілерді пайдалану мәдениеті, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдары талқыланды.
Педагогтердің негізгі
міндеттерінің бірі – өз үлгісін көрсете отырып, оқушылардың дұрыс мінез-құлқын қалыптастыру, олардың құндылықтары мен нормаларын дамытуға көмектесу үшін қауіпсіз және қолдаушы орта құру болып табылатыны туралы,
сондай-ақ, педагогтар оқушыларға киберқауіптердің алдын алу бойынша жүйелі түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын атап өтті.
20 қыркүйек 2025 жылы «World Clean Up Day» халықаралық акциясына қолдау ретінде Абай атындағы ЖББМ ККМ ұжымы «Таза ғаламшар» атты экологиялық сенбілікке шықты.
Бұл сенбілік – тек қоқыс жинау ғана емес, ол:
Табиғатты қорғау – әрбір азаматтың борышы!
«Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналық мемлекеттік мекемесі
19 қыркүйекте
«Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жолын кесу болдырмау. Отбасындағы балаларға қарсы жасалатын зорлық-зомбылықтың алдын алу. Ерте жүктілік. Келеңсіз жағдайлар мен жат қылықтардың алдын алу» тақырыбында топтық семинар болып өтті.
Отырар АПБ ЖПҚЫ ОТЗЗҚКТ аға инспекторы полиция аға лейтенанты 3. Надирова, Отбасын қолдау орталығының психологы Өсербай Мөлдір, мектептегі әйел азаматтар мен мектеп мамандары, 7-11 сынып қыздары қатысты.
КҮН ТӘРТІБІНДЕ:
Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және
жолын кесу болдырмау. Отбасындағы балаларға қарсы жасалатын зорлық-зомбылықтың алдын алу. Ерте жүктілік.
Келеңсіз жағдайлармен жат қылықтардың алдын алу. Баяндамашы: Отбасын қолдау орталығының психологы Өсербай Мөлдір апай түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жиынды ДТІЖО Қ.Батырбек ағай, мектебіміздің қыздар ұйымының төрайымы Шонтық Райхан апай қорытындылап,осындай бірлескен іс-шаралардың жалғасын таба беретінін айтты.
Абай атындағы жалпы білім беретін мектепте 5 қыркүйек «Қазақстан халқы тілдері күні» мерекесіне арналған
«Тіл-достықтың кепілі» тақырыбында 5 қыркүйек пен 15 қыркүйек аралығында
онкүндік өтті.
Мақсаты: Оқушылардың өз ана тіліне деген құрмет сезімін арттыру, тіл мәртебесін көтеру, таза сөйлеуге үйрету, өз ұлтына, еліне деген сүйіспеншілігін ояту.Тіл білімінің негізін қалаған тұлғаларды дәріптеу. Қазақстан мемлекетінде тұратын барлық халықтардың тілдерін құрметтеу.
Онкүндік аясында Халық қаһарманы Бауыржан Момышұлының туғанына – 115 жылдығына,Шоқан Уалиханов, Міржақып Дулатовтың кітап көрмелері ойындар,ашық сабақтар,фотоколлаж,қабырға газеттер шығарылып ілінді.
Абай атындағы жалпы білім беретін мектепте өткен жалпы ата-аналар жиналысы өтті
Қатысқандар: мектеп әкімшілігі, сынып жетекшілері, ата-аналар, Отырар АПБ ЮПТ тобының инспекторы, әлеуметтік педагог, мектеп психологы
Күн тәртібі:
1. Ата-аналарға мектептің ішкі тәртіп ережелерімен таныстыру
Баяндамашы: Қ.Батырбек – тәрбие ісі жөніндегі орынбасар
2. Оқушылар арасындағы құқықбұзушылықтың (көлік, мопед, мотоцикл т.б.) нашақорлық, алаяқтық және жолда жүру ережелеріне алдын алу шаралары
Баяндамашы: Төлеген Нұржан – полиция лейтенанты, Отырар АПБ ЮПТ тобының инспекторы.
3. Ата-аналар комитетінің жаңа құрамын сайлау
4. Буллинг және кибербуллингтің алдын алу бойынша және ерте жүктілікті алдын алу түсіндіру жұмыстары
Баяндамашы: мектеп психологы
5. Басқа да мәселелер.
Қаулы қабылданып шешім шығарылды