ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҰЖЫММЕН ЖИНАЛЫС ӨТТІ
23.09.2025ж
Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп КММ «Ақпараттық ортадағы қауіпсіздік» тақырыбында педагогикалық ұжымның қатысуымен жиналыс өтті.
Жиын барысында интернет кеңістігіндегі қауіп-қатерлер, балалардың әлеуметтік желілерді пайдалану мәдениеті, ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолдары талқыланды.
Педагогтердің негізгі
міндеттерінің бірі – өз үлгісін көрсете отырып, оқушылардың дұрыс мінез-құлқын қалыптастыру, олардың құндылықтары мен нормаларын дамытуға көмектесу үшін қауіпсіз және қолдаушы орта құру болып табылатыны туралы,
сондай-ақ, педагогтар оқушыларға киберқауіптердің алдын алу бойынша жүйелі түсіндіру жұмыстарын жүргізудің маңыздылығын атап өтті.