Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

“Салауатты өмір салты -менің ұстанымым”

Абай атындағы жалпы білім беретін мектебінде 7 сәуір — Дүниежүзілік денсаулық сақтау күніне орай “Салауатты өмір салты -менің ұстанымым” атты сынып сағаттары және апталықта мектеп медбикесі оқушыларға денсаулықтың маңызы туралы жан - жақты мәліметтер жасады. Бұл апталықтың негізгі мақсаты – оқушылардың денсаулыққа деген көзқарасын қалыптастыру, салауатты өмір салтын насихаттау және зиянды әдеттердің алдын алу болды.

Апталық барысында мектеп медбикесі Қожахмет Аманкүл апай оқушыларға денсаулықтың маңызы туралы кең көлемде баяндама жасады. Ол өз сөзінде дұрыс тамақтану, жеке бас гигиенасы, күн тәртібін сақтау және дене белсенділігінің адам ағзасына пайдасы жайлы түсіндірді. Сонымен қатар, әртүрлі жұқпалы аурулардың алдын алу жолдары мен иммунитетті күшейтудің маңыздылығына тоқталды.

Сынып жетекшілері де сынып сағаттарын өткізіп, оқушылармен бірге денсаулықты сақтау жолдарын талқылады. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, зиянды әдеттердің (темекі, алкоголь, энергетикалық сусындар) адам өміріне тигізетін кері әсері туралы пікір алмасты.

Денсаулық – адам өміріндегі ең басты құндылықтардың бірі. Сондықтан әрбір адам өз денсаулығына жауапкершілікпен қарап, дұрыс өмір салтын ұстануы қажет. Уақытылы тамақтану, спортпен айналысу, таза ауада серуендеу және жеткілікті демалу – денсаулықты нығайтудың негізгі кепілі болып табылады.

Осындай іс-шаралар оқушылардың денсаулық туралы білімін арттырып қана қоймай, олардың болашақта саналы әрі салауатты өмір сүруіне жол ашады.