Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

"Сейсмо жаттығу"

26.09.2025ж

Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп КММ аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің тапсырмасына сәйкес сейсмикалық қауіпке дайындық бойынша сейсмо оқу жаттығу өткізілді. Бұл жаттығу – жер сілкінісі кезінде қауіпсіз әрекет етуді үйрену, алдын ала дайын болу мақсатында ұйымдастырылды.

1. Хабарландыру (жер сілкінісінің басталуы)

Жаттығу басталған кезде мынадай хабарлама беріледі:

📢

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! СЕЙСМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙ!

“ЖЕР СІЛКІНІСІ! ЖЕР СІЛКІНІСІ!”

Барлығы қауіпсіздік ережелеріне сәйкес әрекет етсін!

2. Әрекет ету тәртібі:

  • Сабыр сақтаңыз.
  • Үстелдің астына немесе есік жақтауларына тұрыңыз (бас пен мойынды қолмен қорғаңыз).
  • Терезелерден, шкафтардан, ауыр заттардан аулақ болыңыз.
  • Электр құралдарын қолданбаңыз.
  • Қауіпсіз жерге жасырыну – 30 секунд ішінде.

3. Жер сілкінісі тоқтағаннан кейін:

  • Ғимараттан тәртіппен, асықпай эвакуация жасаңыз.
  • Мұғалімдер / жетекшілер тізім бойынша түгелдеу жүргізеді.
  • Қауіпсіз аймаққа жиналып, жағдай жасалынады.