Абай атындағы жалпы білім беретін мектеп
Официальный интернет-ресурс

"Тілдер айлығына саяхат" қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі бірлестігінің айлық іс-шарасы

Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің жылдағы дәстүр бойынша 3 қараша күні қазақ,орыс, ағылшын тілдерінің айлық іс- шарасының ашылу салтанаты өтті. Мектептің кіре берісінен бастау алған мазмұнды іс- шара түрлі ойындар мен тапсырмалар, әуезді ән мен жырға ұласып, әуе қызметкерлері бейнесіндегі ұстаздардың әр сыныптың үздік ойыншыларына сыйлық тапсыруымен аяқталды. Өз білімін көрсетіп, үш тілде өлең оқып, сұрақтарға жауап беру оқушылардың да қызығушылығын оятты.